Барлық жаңалықтар

Өзекті жаңалықтар мен анонстар

05/12/2025

Халықаралық бағдарламалар орталығы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

5 желтоқсанда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында кездесу өтті. Кездесу барысында тараптар «Болашаққа көпір – мансаптық мүмкіндіктер экожүйесі» жобасы бойынша, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы түлектерін жұмыспен қамтуды қолдау мәселелері жөнінде стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жиынға екі ұйымның басшылық өкілдері қатысты. ХБО тарапынан Басқарма төрағасы Әділ Құсманов, Басқарма төрағасының орынбасарлары Абай Рахмет пен Қайсар Еркінбаев, сондай-ақ профильдік басқармалардың басшылары мен мамандары болды. Сондай-ақ «Д

Толық оқу
бөлісу

04/12/2025

5 желтоқсан күні сағат 16:00-де Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасына құжат тапсыруға арналған тікелей эфир өтеді

Достар!

5 желтоқсан күні сағат 16:00-де Stipendium Hungaricum стипендиялық бағдарламасына құжат тапсыруға арналған тікелей эфир өтеді.

Эфир барысында сіздер:

  • бағдарлама арқылы Мажарстан университеттеріне қабылдау тәртібімен;
  • конкурсқа қатысу ережелерімен;
  • үміткерлерге қойылатын талаптармен;
  • қажетті құжаттар тізімімен;
  • іріктеуде артықшылыққа ие санаттармен таныса аласыздар.

Сонымен қатар, тікелей эфирде маманымызға барлық қызықтырған сұрақтарыңызды қоюға мүмкіндік бар.

📍 Эфир Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми Instagram парақшасында өтеді: @bolashak.cip

💾 Жазба сақталады!

фото.jpg

Толық оқу
бөлісу

01/12/2025

Утегенова Әсем Ержанқызы – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі

Утегенова Әсем Ержанқызы – «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының түлегі, тау – кен мамандығы бойынша машиналар мен жабдықтар бағытында философия докторы (Phd).

Қазіргі таңда ол Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (Satbayev University), Ә.Бүркітбаев атындағы Энергетика және машина жасау институтының Технологиялық машиналар және газтурбиналық қондырғылар кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметін атқарады.

2023 жылы Әсем Ержанқызы ғылыми әлеуетін дамыту мақсатында «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасының аясында Польшаның Катовице қаласындағы Силезия техно

Толық оқу
бөлісу

28/11/2025

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жаңа жұмыс кестесіне көшеді

Назар аударыңыз!

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап жаңа жұмыс кестесіне көшеді.

Жұмыс уақыты: 08:30 – 18:00
Түскі үзіліс: 13:00 – 14:30

Орталыққа келу немесе байланыс жасау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз. Барлық сұрақтар бойынша біз әрқашан байланыстамыз және қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасауға дайынбыз.

Құрметпен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Толық оқу
бөлісу

26/11/2025

Қазақстан мен Франция арасындағы халықаралық білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы Қазақстандағы Франция Елшісінің мәдениет және ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Себастьен де Куртуамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Басқарма төрағасы Әділ Құсманов пен оның орынбасары Қайсар Еркінбаев Орталықтың негізгі жұмыс бағыттары туралы егжей-тегжейлі баяндады. Ерекше назар «Болашақ» стипендиялық бағдарламасына, «Ғылыми тағылымдамаларға» және үкіметаралық гранттарға аударылды.

«Қазіргі таңда Орталық елдің басым салаларына қажетті мамандарды даярлауға бағытталған төрт негізгі бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Соның ішінд

Толық оқу
бөлісу

26/11/2025

1 желтоқсаннан бастап Мажарстанда Stipendium Hungaricum бағдарламасы бойынша оқуға құжаттарды қабылдау басталады

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы Stipendium Hungaricum Бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде 2026-2027 оқу жылына мына бағдарламалар бойынша 250 оқу гранты бөлінді:

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша 110 орын;
  • магистратура бағдарламасы бойынша 90 орын;
  • бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша 30 орын;
  • докторантура бағдарламасы бойынша 20 орын.

Грант келесі шығындарды өтейді:

  • тегін оқу;
  • ай сайынғы стипендия;
  • жатақханада т
Толық оқу
бөлісу

25/11/2025

«Bolashaq» қауымдастығы «Welcome Home» жобасының аясында кездесу өткізді

«Bolashaq» қауымдастығы ұйымдастырған «Welcome Home» жобасы жас мамандар мен тәжірибелі түлектерді біріктіретін ерекше алаң болды. Кездесудің басты мақсаты – жаңадан «Болашақ» және «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасын тәмамдаған стипендиаттардың әлеуетін ашу және олардың идеяларын еліміздің дамуына тиімді бағыттау.

Іс-шараға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов, Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов, MNU-дің Бизнес мектебі деканы Әсел Әбілдаева, HR Qoldau Басқарушы Компаниясының өкілі Әсел Құсайынова, Samga Petro...

Толық оқу
бөлісу

25/11/2025

Халықаралық бағдарламалар орталығы Murdoch University Dubai-мен ынтымақтастық аясын кеңейтеді

Халықаралық бағдарламалар орталығында Murdoch University Dubai атқарушы директоры әрі Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка (MENA) өңірі бойынша стратегиялық әріптестік директоры Dr. Mohamed Bamatraf-пен кездесу өтті.

Кездесуге ҚР ҒЖБМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Серік Калкаманов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділ Құсманов, Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы – ректор Думан Орынбеков пен Басқарма мүшесі – интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректор Ерасыл Дулатбай қатысты.

Murdoch University Dubai – Австралияның жетекші зертте

Толық оқу
бөлісу